«Жаңа жылды тойлауға бара жатқан»: ұшақ апатынан көз жұмған нотариус жайлы тың дерек шықты

Сырым Қаржас

Тележүргізуші Динара Сатжан өзінің Instagram-аккаунтында астаналық белгілі нотариус Гаухар Шаймерденова мен және оның 11 жастағы ұлы Елдар Жұмағат Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде көз жұмғанына байланысты көңіл айтып, марқұмдар жайлы мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желісінен

ЖАҢА ЖЫЛДЫ ТОЙЛАУҒА БАРА ЖАТҚАН   

Динара Сатжан Астана нотариаттық палатасының төрағасы Айгерім Айкешевамен байланысқа шыққан. Айкешеваның айтуынша, өткен жексенбіде ол Гаухар Шаймерденовамен бірге нотариустар корпорациясында болған. 

– Гаухар әріптестеріне кіші ұлымен бірге Грозныйда жаңа жылды бірге қарсы алу үшін отбасылық достарына ұшып бара жатқанын айтты.  Олар Бакуге ұшып, артынша Грозныйға бағыт алған. Өйткені ол жаққа Астанадан тікелей рейстер жоқ, – деді тележүргізуші.

Гаухардың үлкен ұлы Астанада қалған, өйткені ол Австралияда оқиды, сол жақтағы оқуынан жақында ұшып келген. Гаухардың анасы әлі күнге дейін қызы көз жұмғанын білмейді.

Қаза тапқандардың денесін әкелу үшін Ақтауға Гаухар Шаймерденованың бұрынғы жұбайы мен оның көмекшісі ұшып кеткен. Онда оларды қала нотариустары қарсы алып, көмектесуі керек.

– Нотариустардың бірлігін атап өткім келеді. Олар қазір отбасына ақша жинап жатыр.  Мен олардан "біз көмектесе аламыз ба?" деп сұрадым. Айгерім "өзіміз жұмыламыз" деп жауап берді. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, – деп жазды Сатжан.

ҰШҚЫШТАРДЫҢ ЕРЛІГІ   

Сондай-ақ тележүргізуші қолдан келгеннің бәрін жасаған ұшқыштардың батылдығын атап өтті. "Егер ұшақ суға құласа, құрбандар көп болар еді" дейді Динара Сәтжан.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.