Қазақстандағы жаңа кедейлік шегі: министр бұйрыққа қол қойды

Ғалиасқар Думан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылдың 20 желтоқсанында кедейлік шегін анықтау тәртібін өзгертетін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедейлік шегі төмендегідей болады:

  • Жан басына шаққандағы медиандық табыстың 35%-ы (өтініш беруден бұрынғы тоқсан бойынша есептеледі);
  • Өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болмауы керек.

Жаңа ережелер 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, 2025 жылы негізгі әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңгені құрайды.

ЖАЛАҚЫ

Қазақстан 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша ЕАЭО елдері арасында орташа айлық жалақы мөлшері бойынша екінші орынға ие болған – айына 854 доллар.

Бұған дейін кәсіпкер Қанат Көпбаев ел экономикасының қазіргі жағдайы тоқырауда деп есептейтінін мәлім еткен.

Сондай-ақ сауалнама қорытындысы әрбір бесінші азамат елден көшуді ойлайтынын көрсеткен.