Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сары Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Әлеуметтік желілерде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
– Бірқатар отандық БАҚ-тың Сары Алпысқызына қатысты сұрауына жауап ретінде желіде таралған оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеймін, – деді Үкібай.
САРА НАЗАРБАЕВА
Сара Назарбаева 1962 жылы Қазақстанның бұрынғы президентімен отау құрған. Олар Қарағанды металлургиялық зауытының домна цехында бірге жұмыс істеп жүргенде танысқан. Назарбаев ол кезде домна пешінің жұмысшысы болса, оның болашақ жары электр станциясының жұмысшысы болған.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның бұрынғы президенті, елді ресми түрде 2019 жылға дейін басқарғанымен, Қаңтар оқиғасына дейін Қауіпсіздік кеңес арқылы ел басшылығында болып, кейде ресми жиындарға президентпен қатар барып жүрді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін Қауіпсіздік кеңесінен кетіп, елде елбасыздандыру жүрді. Елорданың бұрынғы атауы Астана қайтарылды. Талдықорғанда құлатылған ескерткіші қайта тұрғызылмады. Экс-президент көпшілік алдында сирек көрінетін болды, ал оның туыстары бірнеше рет қылмыстық істерге қатысушы ретінде аталды.