Әлиев Тоқаевқа қоңырау шалды

Сырым Қаржас

Әзербайжан президенті Қазақстан президентіне қоңырау шалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы minval.az сайтына сілтеме жасап.

ашық дереккөзден

– Мемлекет басшылары бір-біріне, сонымен бірге әуе апатынан көз жұмған отбасылардың туған-туыстарына көңіл айтты. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тіледі, – делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.