Ұшақ апаты: қырғызстандық жағдайының ауырлығына байланысты Ақтауда қала береді

Сырым Қаржас

Ақтауда Әзірбайжан әуе компаниясының Embraer-190 ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккен Қырғызстан азаматы Ринат Асанов денсаулығына байланысты әзірге отанына орала алмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевке сілтеме жасап, Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов хабарлады.

Алагөзов дәрігерлер аман қалған қырғызстандықтың ауруханадан шығуына әлі рұқсат бермегенін айтты.

СӨЗБЕ-СӨЗ

 – Біздің ұшақ Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстан азаматы Ринат Асановты алып кетуге дайын. Алайда оның қазіргі жағдайы ауыр және тасымалдау қауіпті болуы мүмкін. Дәрігерлер рұқсат берген бойда ол еліне жеткізіледі», - деді Алагөзов.

Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қазіргі таңда зардап шеккен Асановқа Ақтауда медициналық көмек көрсетіліп, емделіп жатқанын айтты.

Тағы екі қырғыз азаматының жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, оларды ауруханадан шығару дүйсенбіге жоспарланған.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазып жатыр.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.