Ұшақ Ресей аумағындағы сыртқы соққының кесірінен апатқа ұшырады – Әзербайжан президенті

Сырым Қаржас

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан әуе жолдарының Ресей Федерациясы аспанында сыртқы әсерге ұшырағанын мәлімдеп, ұшқыштардың кәсібилігінің арқасында ғана Ақтау маңында апатты жағдайда қона алғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы Владимир Путин мен Ильхам Әлиевтің телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша Әзербайжан басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

«Телефонмен сөйлесу барысында Әлиев Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Ресей әуе кеңістігінде болған кезде сыртқы физикалық және техникалық әсерге ұшырап, басқаруды толығымен жоғалтып, Қазақстанның Ақтау қаласына қарай жөнелтілгенін және тек ұшқыштардың кәсібилігі мен батылдығының, біліктілігінің арқасында ол шұғыл қона алғанын атап өтті», делінген хабарламада.

Әлиев сонымен қатар ұшақтың фюзеляжында көптеген саңылаулар болғанын, жолаушылар мен экипаж мүшелері әуеде болған кезде терісін тесіп, ұшақ салонына кірген бөгде бөлшектерден жарақат алғанын және аман қалғанының дәлелі екенін атап көрсетті. стюардессалар мен ұшақтың жолаушылары сыртқы физикалық және техникалық әсер ету фактісін растайды.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары осы қайғылы оқиғаның барлық жай-жапсарын байыппен және жан-жақты тексеру және кінәлілерді жауапкершілікке тарту мәселелерін талқылаған.

Әзербайжан президенті Әзербайжан тарапының ұсынысы бойынша әуе апатының себептерін жан-жақты тексеру үшін халықаралық сарапшылардан құралған топ құрылғанын, ол өз қызметін бастағанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бүгін Путин Әзербайжан президенті Әлиевке қоңырау шалып, кешірім сұрады. 

Сондай-ақ екі ел президенттерінің телефон арқылы сөйлесулері барысында Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Ресей тарапының Грозныйда қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазып жатыр.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.