Тәуелсіздік күні туған сәбилерге Тоқаевтың сыйлығы таратылды

Ulysmedia

Тәуелсіздік күні дүниеге келген сәбилерге ұлық мерекенің 30 жылдығына орай естелік baby-бокстар сыйға тартылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Сүйінші» сыйқораптарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты, мерейтойлық монета және баланың туу туралы куәлігі бар.

Мерекелік демалыс күндері туу туралы куәліктерге өтінім қабылдаған «Азаматтарға арналған үкімет», құжаттарды ресімдеген АХАЖ органдары, сыйқораптарды таратқан «Қазпошта» қызметкерлері, сондай-ақ серіктестік еткен «Банкцентркредит" АҚ пен ақ халатты абзал жандар жас аналарға осындай сыйлық тарту етті.