2024 жылдың 11 айында қазақстандық банктер 2,33 триллион теңге табыс тапты, оның 235,9 миллиарды қарашада болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Пайданың негізгі бөлігі – 62% немесе 1,45 трлн теңге елдің жетекші үш банкіне тиесілі, деп жазады Капитал.
Бұған дейін Дүниежүзілік банк қазақстандық банктерді табиғи ресурстарға бай елдердің ішінде ең табысты банктердің бірі ретінде атап өткен.
Банктер
Қазақстанның банк секторының активтері 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 58,5 трлн теңгені құрады.
Берілген несие көлемі 18 пайызға өсіп, 1,6 трлн теңгені құрады. Бұл қазан айындағы 6%-ға төмендегеннен кейінгі айтарлықтай өсім болып отыр. Негізгі драйвер кепілсіз тұтынушылық несиелер болды – бұл сегменттегі эмиссиялар көлемі 998 млрд теңгеге жетті.
Жуырда Қазақстанда халықтың банктерге қарызы 20 трлн теңгеге жақындағанын жаздық.