Тоқаев жақында сұхбат беріп, жылдың басты саяси оқиғаларына тоқталады

Сырым Қаржас

2025 жылдың 3 қаңтары күні Мемлекет басшысы республикалық "Ана тілі" газетіне кең көлемді сұхбат береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

kazvedomosti.kz

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

“Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды”, деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетсек, Қаңтар оқиғасы кезінде жоғары лауазымды тұлғалардан тұра­тын топтың күштік құрылым­дарға да, қылмыс әлеміне де орасан зор ықпалы болған. Сондықтан билік­ті күшпен басып алуға бел буған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында осылай деген еді.