Қырғыз шекарасын түркиялық Bayraktar күзетеді

Ulysmedia

Қырғыз Республикасы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қарулары қатарына түркиялық Bayraktar қосылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Қырғыз Республикасы президентінің сайты

«Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін, 18 желтоқсан, «Байрақтар» ұшақсыз ұшу аппараттарын көріп шықты», – деп жазды көрші ел басшысының сайты.

Бауырлас мемлекет жетекшісіне тиісті аппаратты басқару жүйесі туралы әңгімеленіп, жұмысы таныстырылғаны мәлім болып отыр.

Аталған толығымен республикалық бюджет есебінен алынған Bayraktar ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның ішінде шекараны күзетуге қолданылмақ.