Зеленский Трампқа Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлеуге назар аударуды ұсынды

Сырым Қаржас

Украина президенті Владимир Зеленский өзінің жаңа жылдық үндеуінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа арналған сөзін де айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

REUTERS/ Shannon Stapleton

Зеленский қазіргі соғыс екі тараптың жергілікті қақтығысы емес, Ресейдің шешуші әрекетті қажет ететін толыққанды агрессиясы екенін атап өтті.

"Мен АҚШ-тың жаңа президенттің бейбітшілік әкелгісі келетініне және Путиннің агрессиясын тоқтата алатынына күмәнім жоқ. Ол осы айиылғанның біріншісін орындамай, екіншісі мүмкін емес екенін түсінеді", - деді Зеленский Трамптың Ақ үйге оралатын сәтін меңзеп.

Зеленский АҚШ пен Украинаның Ресейді әділ бейбітшілікке мәжбүрлеу үшін жеткілікті күші бар екенін атап өтті:

"Бұл көшенің төбелесі емес. Бұл ақылсыз мемлекеттің өркениетке қарсы толыққанды агрессиясы. Біз АҚШ-пен бірге әділеттілікке қол жеткізе аламыз."

Зеленский бұл мәлімдемесі арқылы агрессияға қарсы күресте халықаралық қауымдастықты Украинаны қолдауды жалғастыруға шақырып отыр.