Ақтау қаласында салынғанына көп болмаған «Florence» тұрғын үй кешенінің төбесі өртеніп, тілсіз жау белең алып барады деп деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Төтенше жағдай қызметі 50 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, зардап шеккендердің жоқтығы айтылуда.
«Қаншама халықтың ақшасы далаға кетті, қымбат үй, жөндеу жасағандары бар еді. Ең болмаса сыртын жанбайтын материалмен қаптаса ғой, ұшқын от жан-жаққа ұшып, түскен жері өртенуде», – деп пікір қалдырды желі қолданушысы оқиға орнынан жүргізілген тікелей эфир астына.