Ақтауда өртенген элиталық үйден 100 адам эвакуацияланды

Ulysmedia

Маңғыстау облысы төтенше жағдай департаментінен келіп түскен жедел ақпаратқа қарағанда, Ақтау қаласындағы 17-шағын ауданда орналасқан «Florence» тұрғын үй кешенінен 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Азамат Сәрсенбаевтің парақшасынан

Онда соңғы 17-ші қабатта шатырда өрт шығып, ағаш құрылымдар өртенгені белгілі болып отыр. Тілсіз жау тиген аумақ 500 шаршы метрді құрауда.

«Зардап шеккен адамдар жоқ», – дейді төтенше жағдай қызметкерлері.

Салынғанына көп болмаған, көзді ашып-жұмғанша қызыл жалын шарпыған «Florence» тұрғын үй кешенін салған құрылыс компаниясы аталған нысанды «жер үстіндегі жұмақ» деп сипаттауда.