Швейцарияда паранжа киюге заңмен тыйым салынды

Сырым Қаржас

1 қаңтардан бастап Швейцарияда "паранжаға тыйым" деп аталатын заң күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы swissinfo порталына сілтеме жасап.

ашық дереккөзден

Швейцария Еуропаның басқа бес еліне, соның ішінде осындай тыйымды күшіне енгізген көрші Франция мен Австрияға қосылды.

Тыйым тәртібін бұзғандарға 1000 швейцариялық франкке дейін (шамамен 1143 доллар) айыппұл салынады.

Заңдағы ерекшеліктің бірі – қауіпсіздік, ауа-райы немесе денсаулық жағдайы үшін бетті жабуға қатысты болады. Бетті жабуға сондай-ақ өнер және ойын-сауық орындарында және жарнамада рұқсат етіледі.

Бұған дейін француз мемлекеттік мектептерінде бүкіл денесін жауып тұратын дәстүрлі мұсылман көйлегін киюге тыйым салынғаны хабарланған болатын.

Бұған дейін Германияның Баден-Вюртемберг федералды штатының билігі мектептерде бетін толығымен жабатын паранжа немесе никаб киюге тыйым салуға келісті.