Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапановтың үстінен қозғалған тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНТИКОР НЕ ДЕЙДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтағанын хабарлайды.
– Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда. 13 желтоқсанда бас прокуратура күдіктілерді сотқа берді, – дейді антикор.
ОЛ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Қожағапов былтыр наурызда ұсталғанын антикор хабарлаған еді. Ресми ақпарат бойынша, ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. “Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты” деген сол тұста антикор.