1 қаңтардан бастап Бірікке араб әмірліктерінде жастар жұбы үйлену тойына дейін генетикалық тестілеуден өтуге міндеттелді. Бұл тұқым қуалайтын ауруларды анықтап, салауатты болашақ ұрпақты жоспарлауға көмектеседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАӘ үкіметінің мәліметі бойынша, тексеру эпилепсия, муковисцидоз және жүрек патологиясын қоса алғанда, 570-тен астам мутация мен 840 ауруды анықтайды. Пилоттық жоба кезінде ерлі-зайыптылардың 86% - ы генетикалық үйлесімді болып шыққан. Ал 14% қосымша ұсыныстарды талап еткен.
Бұрын некеге тұрар алдында генетикалық тестілеу міндетті емес еді, тек ел азаматтарына да, шетелдіктерге де некеге дейінгі медициналық тексеруден өту қажет болған. Енді генетикалық тестілеу некеге тұруға ниет білдірген БАӘ азаматтары үшін міндетті некеге дейінгі скрининг бағдарламасының бір бөлігі болады.