Алтын да, гауһар да емес: әлемдегі ең қымбат метал түрі аталды

Сырым Қаржас

Бір грам калифорния ондаған миллион доллар тұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: wikimedia.org

Калифорния - жасанды түрде синтезделген метал. Оның граммының құны бірнеше ондаған миллион долларға жетеді.

НЕГЕ СОНША ҚЫМБАТ

Меиалдың бағасы күрделі және қымбат синтез процесіне байланысты. Алдымен кюрий ядролық реакторда ұзақ уақыт - 8 айдан 1,5 жылға дейін сәулеленеді. Осыдан кейін калифорния алынған өнімдерден химиялық жолмен оқшауланады.

Калифлрнияның жыл сайынғы өндірісі бар-жоғы 40-50 мг құрайды. 2023 жылдың аяғында бұл металдың әлемдік қоры шамамен 10 грам болған. Металл өндірісі тек екі елде – АҚШ пен Ресейде жолға қойылған.

ҚАЙДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Медицина

Калифорния нейтрондық терапияда әртүрлі қатерлі ісіктерді емдеу үшін қолданылады. Оның нейтрондар жасау қабілеті ісік жасушаларын ыдыратуға көмектеседі, бұл оны онкологияда тиімді құрал етеді.

Өнеркәсіп

Нейтронды радиографияда калифорния материалдар мен дәнекерленген қосылыстардың сапасын бұзбайтын бақылау үшін қолданылады. Бұл әдіс басқа жолдармен анықталмайтын ішкі ақауларды анықтауға мүмкіндік береді.

Атом энергетикасы

Калифорния ядролық реакторларды іске қосып,  әртүрлі ғылыми зерттеулер жасау үшін жаңа изотоптар жасауда нейтрондардың көзі ретінде қызмет етеді.

Қауіпсіздік

Метал жарылғыш заттар мен есірткі детекторларында қолданылады. Нейтронды талдаудың жоғары сезімталдығы қауіпті заттарды тиімді түрде анықтауға мүмкіндік береді.