Канаданың премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

Ulysmedia

6 қаңтарда Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Либералдық партияның жетекшілігінен және премьер-министр қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Adrian Wyld/AP

Ол партия жаңа көшбасшыны таңдағанға дейін премьер-министр міндетін атқара береді. Бұл процесс бірнеше айға созылуы мүмкін. 

Сарапшылардың сөзінше, Трюдоның отставкасы оның он жылдық басқару кезеңінде рейтингінің төмендеуімен байланысты. Квебек, Онтарио және Атлантикалық провинциялардағы партия ұйымдары оның отставкаға кетуін талап еткен. Сонымен қатар, бұрынғы вице-премьер Христя Фриланд экономикалық қиындықтарды шеше алмағаны үшін Трюдоны сынға алды. 

Кейінгі кездері оның танымалдығы төмендеп кетті. Қазандағы парламент сайлауының алдында бұлай болуы да орынды. Себебі сайлауда Консервативтік партия жеңеді деп болжанып отыр. Трюдо күзде болатын праймеризге дейін өз қызметін атқарады, дейді сарапшылар. 

Трюдоның кетуімен Либералдық партия жаңа көшбасшыны таңдап, алдағы парламенттік сайлауда Консервативтік партияның жетекшісі Пьер Пуальеврмен бәсекеге түспек. Трюдоның айтуынша, парламент жұмысы іс жүзінде тоқтап қалғандықтан, жаңа идеялар мен жаңа басшы керек. 

Трюдо Канада премьер-министрі қызметін 2015 жылдан бері атқарып келеді. Оның отставкасы елдің саяси сахнасында елеулі өзгерістерге әкелуі мүмкін.