Экс-президент Кәрімовтың түрмеде отырған қызы жайлы тың ақпарат шықты

Сырым Қаржас

Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнар Кәрімова Ташкент облысының Зангиатин ауданындағы №21 колониясынан қоныс колониясына ауыстырылды. Азатттық радиосының өзбек қызметі бірнеше тәуелсіз дереккөзіне сілтеме жасап осындай ақпарат таратты, деп жазады Ulysmedia.kz.

i.haqqin.az

ЖАЗАНЫҢ ҮШТЕН БІРІН ӨТЕГЕН

2024 жылы 19 желтоқсанда Зангиатин аудандық соты ӨР қылмыстық кодексінің 74-бабы негізінде шешім (жазаны жұмсарту) шығарған. Колония әкімшілігі сотқа өтініш білдірген. Ол Кәрімова жазаның үштен бірін өтегенін хабарлаған.

Қоныс колониясы да Зангиатин ауданында орналасқан.  

Гүлнар бақытты, бес-алты чемоданымен колониядан кетті. Қоштасарда өзіне жақын болған сотталғандармен құшақтасты. Гүлнарды ГУИННЕН келген адамдар мен колония бастығы шығарып салды, - деді №21 колония қызметкерінің бірі.

Өзбекстан ішкі істер министрлігінің жазаларды орындау департаменті Гүлнәр Кәрімованың қоныс-колониясына ауысқанын ресми түрде растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады.

ОЛ НЕ ҮШІН СОТТАЛДЫ   

Өзбекстанда Кәрімоваға қарсы 2013 жылы екі қылмыстық іс (ұрлау және салық төлеуден жалтару) қозғалған. 2015 жылы бірінші іс бойынша ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. 2017 жылы екінші іс бойынша 10 жылға сотталды. Кейінірек жаза бес жылдық бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. 2020 жылдың наурызында Ташкент қалалық соты оны қастандық, бопсалау, жымқыру және тонау, ақшаны жылыстату және басқа да қылмыстар үшін 13 жыл 4 айға соттады.