Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан Миландағы «Ла Скала» театрында болып, әлеуметтік желі арқылы кештің ең қызықты сәттерімен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол Миландағы әйгілі La Scala театрында "Щелкунчик" қойылымын тамашалағанын хабарлады.
Сондай-ақ ол өзіне әдемі қызыл көйлек таңдап, келбетін Cartier және Chopard-тың қымбат әшекейлерімен толықтырып, желідегі парақшасына мынадай жазба қалдырды:
Қолыңа Сartier,
Құлағыңа Сhopard.
Ішіңе бөпе,
Тағы Европа,
Күтеді алда!
Бұл күндер де қалады артта - деген ән күйеуімнің аффирмациясы.
Сәлем, Италия!🇮🇹
Милан.
Театр La Scala.
Ложа /14.
Щелкунчик.
Еске сала кетсек, бұған дейін әнші өзінің тағы да жүкті екенін айтып, отбасымен бірге түскен фотосуреттерін жариялаған еді.