Қазақстанға тіл тигізген Тигран Кеосаян комада жатыр

Сырым Қаржас

Тигран Кеосаян ауруханаға есін жимаған күйінде жеткізілді. Бұл туралы радио жүргізушісі Никита Небылицкий Мәскеудегі өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Скриншот

Небылицкийдің айтуынша, Кеосаян қазір ауруханада жатыр. Оған екі рет діни қызметкер, алдымен православие, содан кейін армян Григориан келген. Кеосаянның қазіргі жағдайының себебі белгісіз.Ол бұрын инфарктқа түскен.

Небылицкий Кеосаянның комаға медицина араласқаннан түспегенін атап өтті. Медицина мекемесі өкілдері де әлі ресми пікір білдірген жоқ.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 27 сәуірінде Кеосаян Қазақстанға қарата арандатар өткір мәлімдеме жасаған еді.

Украинаға мұқият қарап, байыпты түрде ойлаңызыздар. Біздің жауапты тұлғаларымыз да қарым-қатынас деңгейін қайта бағалап, қайта қарауы керек деп ойлаймын. Өйткені, қымбаттыларым, егер сіздер осылай айлакер бола алам, сол үшін маған түк болмайды деп ойласаңыздар… Сіздер қателесесіздер, - деді тележүргізуші өз сөзінде. 

Сол күні Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Кеосаянға Қазақстанға кіруге тыйым салынатынын мәлімдеді. Сол жылы Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы ресейлік тележүргізушіні нон грата тұлғалар тізіміне енгізу процесін бастады.