Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкеріне көбірек төлей бастайды

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстандағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайды. Қазір ол - 2,5 пайыз. 

2024 ЖЫЛҒЫ ЖАҒДАЙ

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жұмыс берушілер зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға қатысып, БЖЗҚ-ға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын өз қызметкерлерінің пайдасына аудара бастады. Осылайша, Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш бөлікпен толықтырылды. 

Әлеуметтік кодекске сәйкес, қызметкерлер өз кірістерінен төлейтін 10% міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшерін жұмыс беруші өз қаражаты есебінен аударады. Жыл сайын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері кезең-кезеңімен өсіп отырады (2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5%, 2027 жылы 4,5%) және 2028 жылы 5% жетеді. Жұмыс берушінің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшеріН есептеу үшін қабылдайтын жұмыскердің табыс сомасы тиісті күнтізбелік жылға белгіленген ең төменгі жалақының кем дегенде біреуін және көп дегенде 50-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. 

МІНДЕТТІ ЖАРНАДАН КІМДЕР БОСАТЫЛАДЫ

Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдардың пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды. Жұмыс берушілердің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын уақытылы және толық төлеп отыруын бақылау ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген. 

Қызметкерлердің жеке зейнетақы шоттарына түсетін МЗЖ-дан тағы бір ерекшелігі, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы шартты зейнетақы шоттарына есептеледі және қызметкерлердің меншігі болып саналмайды. Тиісінше, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы есебінен қалыптасқан жинақтарды қызметкерлер мұраға қалдыра алмайды. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы зейнетақыны ортақ (таратушы) қағидаты бойынша төлеуге арналған. Сондықтан, Қазақстан азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған адамдар үшін төленіп келген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы қалған қатысушылар арасында бөлініп, өмір бойы төленетін болады. 

ЖАРНА НЕ ҮШІН ЕНГІЗІЛДІ

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу 1975 жылы және одан кейін туған жұмысшылардың ортақ зейнетақы алуға мүмкіндік беретін 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілінің жоқтығын немесе мүлде аз екендігін ескере отырып, осы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға бағытталған. Болашақта олардың жиынтық зейнетақысы үш құрамдауыш көзден, яғни базалық - мемлекеттен, жинақтаушы - БЖЗҚ-ға аударған міндетті зейнетақы жарналары және шартты-жинақтаушы - жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптасатын болады.