Ресейде 1-сынып оқушысы алаяққа қомақты несие алып берген

Сырым Қаржас

Ресейдің Томск қаласында тұратын 7 жасар оқушы қыз алаяқтарға алданып, солардың нұсқауымен ата-анасының атына несие рәсімдеп жіберген, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

baku.ws

Бұл туралы "Комсомольская правда" басылымы жазды.

Кішкентай қыз танымал виртуалды ойынды ойнап, кейін оған ақша ұтып алғаны жайлы хабарлама келген.

Оқушымен танымайтын адам байланысып, ақшаны алу үшін өзінің нұсқаулықтарын орындатқан. Алаяқтар одан ата-анасының ұялы телефондарын суретке түсіруді сұраған. Нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен оқушы онлайн-несие рәсімдеп, қомақты қаражатты алаяқтарға аударып жіберіпті. 

Сонығ салдарынан бүлдіршіннің ата-анасы 460 мың рубль (шамамен 2 400 000 теңге) көлемінде шығынға батты.