Чехияның солтүстік-батысындағы Мост қаласындағы мейрамханада құрамында пропан-бутан қоспасы бар баллон жарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл оқыс жағдай қала тарихындағы ең ауыр қайғылы оқиға ретінде бағаланды.
ЖАРЫЛЫС ЖАЙЛЫ
Жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 8 адам жараланған. Олардың алтауының жағдайы ауыр және Прагадағы ауруханаларға жеткізілді.
Жарылыс кезінде мейрамханада 20-ға жуық тұтынушы болған; мекеме мен оның маңындағы ғимараттардан 30 адам эвакуацияланған.
Өрт сөндірушілер оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап, мейрамханада жылытқыш төңкеріліп, соның салдарынан өрт пен жарылыс болғанын хабарлады. Полиция тергеуді қолға алды.
Мост мэрі Марек Хрвол бұның қаланың қазіргі тарихындағы ең ауыр трагедия екенін айтты.