Коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина мақұлданды

Ulysmedia

Америкалық Novavax компаниясы өндіретін коронавирустан жаңа вакцина Nuvaxovid аталады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Еуропалық дәрі құралдары агенттігі американдық фармацевтикалық концерннің Nuvaxovid препаратын қолдануға рұқсат етіп отыр. Осылайша әлемдегі қазіргі заманғы қауіпті індеттен бесінші екпе алғаш рет COVID-19 қарсы кәрі құрлықта пайдаланылатын ақуыз вакцинасы болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 17 желтоқсанда мақұлдаған вакцина 18 жастан асқан адамдарға ұсынылады.

«30 мыңнан астам пациент қатысқан препаратты зерттеудің үшінші кезеңі барысында ол 90% жалпы тиімділігін көрсетті. Еуропалық одақ 200 миллион Nuvaxovid дозасын сатып алуға ниетті», – делінген дүниежүзілік БАҚ беттерінде.

Тың екпені жеткізу 2022 жылдың қаңтарында басталады деп күтілуде.