Талғардың полиция басқармасын Павлодардың тумасы басқарады

Сымбат Сатыбалдина

Талғардың Полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

instagram

Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Асхат Бекенов тағайындалған. 

Полковник Бекенов 1980 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды заң институтын бітірген. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың тамызынан бастап қызмет етеді.

Мансабын Павлодар облысы Қашыр АІІБ жедел уәкілі қызметінен бастаған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 

ШЕРЗАТ ІСІНЕН КЕЙІНГІ ОТСТАВКАЛАР

2024 жылғы 19 қазан күні Алматы облысы Полиция департаментінде жаңа басшылық тағайындалғаны туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымынан Нұржан Күнтуноев босатылды. Кейін уақытша Талғар аудандық полиция басқармасының басшысы міндетін Нұрлан Сайдалин атқарды. Ал 2 желтоқсанда Айдар Умаров Талғар аудандық полиция басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалғаны хабарланды.

Айта кетейік, бірнеше отставка мен жұмыстан босату 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың қаза болуымен байланысты. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабымен жүргізіліп, 11 күдікті қамауға алынды.