Оның түп-тамыры Моңғолияда – министр Галбадрахтың еліне оралғанын ерсі көрмеді

Аян Өрібай

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Моңғолия азаматтығына өтініш берген дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Ербол Мырзабосынов дзюдошының жетістіктерін тізіп келіп, моңғолиялық балуанның спорт түріне қосқан үлесін атап өтті. 

Қазір де әлемнің екі дүркін чемпионы да, Олимпиада жүлдегерлері де осы салмақтан шықты. Әлем аренасында табысты өнер көрсетіп жүр. Біз федерациямен сөйлестік. Спортшының отбасы, түп-тамыры Моңғолияда. Спортшы енді өз құрамасымен жұмысын жалғастырады. Мұндай тәжірибелер бар. Басқа елден тартылатын спортшылар жөнінде бұрын да мәселелер көтерілген. Алдағы уақытта біз отандық спорт мектебінің спортшыларымен жұмыс істейміз. Енді өз кадрларымызды дайындаймыз, – дейді министр.

Мырзабосынов бұл кейс Қазақстанның спортына тек пайда әкелгенін айтты. “Спортшы ретінде де, бапкер ретінде де ол біздің спортшыларға серпін берді” дейді министр. Мырзабосыновтың айтуынша, Галбадрах келісімшартқа сәйкес мерзімде жұмыс істеп, енді өз отбасына оралған.

ГАЛБАДРАХ ОТГОНЦЭЦЭГТІҢ ҚАЗАҚСТАННАН КЕТУІ

Еске сала кетейік, жылдар бойы Қазақстан атынан күрескен белгілі дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг өзінің туған елі Моңғолия елінің азаматтығын қайтадан алуға өтініш бергені бұған дейін жазылған еді. Туризм және спорт министрлігі “ол мансабын аяқтады, ұлттық құраманың мүшесі емес”деп ақпарат таратқан.

Галбадрах Отгонцэцэг 2015 жылдан бастап Қазақстан атынан шыққан. Рио Олимпиадасында ел қоржынына қола жүлде салған. Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында екі рет үшінші орын алған. Азия чемпионы атанған.