Келіссөздердің арқасында Украина мен Ресей 25 тұтқыннан алмасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей қарулы күштерінің әскери қызметшілері Беларусьте. Оларға тиісті көмек көрсетілетіні жазылады. Ресей қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді қайтаруға Біріккен Араб Әмірліктері гуманитарлық сипатта делдал болғанын атап көрсетті.
РЕСЕЙДІҢ БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ
2022 жылы 21 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин "Ресей Украинаға шабуыл жасамайды" деп келген адамдардың пікірін өзгерткен мәлімдеме жасады. 72 сағаттан кейін Украинаға ресейлік зымырандар ұшты. Ресей әскері шекарадан басып кіріп, Донбастағы майдан шебінен өтті. Батыс барлау қызметінің дерегінше, Путин Украинаны бірнеше күн немесе апта ішінде жаулап аламын деп ойлаған. Бірақ олай болмады. Украинада соғыс басталғалы үш жылға жуықтады.