Армияда тағы өлім: Сарыөзектегі әскери гарнизонда сарбаз қаза тапты

Сырым Қаржас

Қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы 24KZ ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

МӘН-ЖАЙЫ

Басылымның хабарлауынша, 2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атқан.

Сарбаз сол жерде қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

АТА-АНАЛАР ЗАРЫ

Астанада марқұм сарбаз Марат Барқұловтың және бейбіт күнде жарақат алып, мүгедек болып қалған басқа сарбаздардың ата-аналары кеше жиналған еді. Олар балаларының өлім ісін әділ тергеуді талап етеді.