Тоқаев Путинмен Қазақстан-Ресей шекарасы туралы сөйлесті

Сырым Қаржас

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың 20 жылдығына орай Владимир Путинге құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Aqorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылғанын атап өтті.

– Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.