Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова әлеуметтік желіде тағы да даулы сөзімен назарға ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Павлодар тұрғындарының бірі қалалық мәслихат депутаттары көліктерді ұзақ қыздырғаны үшін заңды өзгертіп, айыппұлды алып тастай ала ма деп сұрады.
Бұған жауап ретінде Гүлжайна Даримова Instagram желісінде видео түсіріп, мәслихат депутаттарының заң шығару өкілеттігі жоқ екенін жеткізді. Сондай-ақ ол бұл сөзін ашулы үнмен жеткізіп, қазақстандықты «ақымақ» деп атаған.
СӨЗБЕ-СӨЗ
– Ақымақ, жай ғана ақымақ. Сіз оны Google-дан іздеп, қалалық мәсслихат депутаттар заңдар бойынша ештеңе шешпейтінін, олардың тек аудан деңгейінде өкілеттігі бар екенін анықтауға болады. Олар тек қалада ғана бірнәрсе өзгерте алады – жолды тазалау, мектеп асханасын тексеру. Неге мұндай ақымақ адамдар мені заң шығарады деп ойлайды?, - деді ол.
Еске сала кетсек, Даримованың мәлімдемесі қоғамда бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Бұған дейін ол жек көретін адамдарды күйеуін, ұлдарын немесе әкелерін тартып аламын деп қорқытқан.
2023 жылдың тамызында ол Қазақстандағы қиын жасөспірімдер мен балаларды чиппен емдеу керектігін айтты.
Гүлжайна Даримова 2023 жылы Павлодар қалалық мәслихатының депутаты болды. Сонымен қатар Даримова Royal Triumph туристік агенттігінің директоры.