Атырауда тәрбиеші балаларды ұрған: қылмыстық іс қозғалды

Сымбат Сатыбалдина

Атырауда балабақшада балаларды ұрған тәрбиешінің ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ulysmedia.kz коллажы

МӘН-ЖАЙ

15 қаңтарда әлеуметтік желіде Атыраудағы “Зейнеп Әмина” балабақшасында болған оқиғаның видеосы тарады. Роликте тәрбиеші баланы ұрып жібергені көрсетіледі. 

“Ақ Жайық” мәліметінше, оқиға балабақшаның дайындық тобында болған. Полиция бұл деректі растады. 

- Оқиға 15 қаңтарда Атыраудағы балабақшалардың бірінде болған. Қылмыстық іс қозғалды, кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, дейді полицейлер. 

Бұл оқиғаны облыстық білім басқармасындағылар да растаған.