Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады: төлемі қанша

Сырым Қаржас

Көлік министрлігі 2025 жылдың 26 қаңтарынан бастап Қызылорда – Арал жолы ақылы болатынын еске салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Kolesa.kz

Жолда стационарлық төлем бекеттері болмайды, өйткені қазіргі ақы алудың ыңғайлы "ашық" жүйесі қолданылады. 

Шлагбаумдар болмағандықтан, көлік құралдары да кептелмейді. Бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады, - деп хабарлады министрлік.

ТӨЛЕМ   

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төленеді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін төлемнің 10-ға жуық тәсілі қарастырылған: интернет-банкиң арқылы, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар арқылы, телефон балансы арқылы, E100 отын картасы бойынша төлем, сондай-ақ заңды тұлғалар үшін шарт ресімдеу. 

  • Бір бағыттағы жол жүру құны (454 км):
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері: алдын ала төлем бойынша 2840 теңге, кейін төлем бойынша 3330 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері: алдын ала төлем бойынша 5750 теңге, кейінгі төлем бойынша 6740 теңге;
  • 32 орыннан асатын автобустар және автопоездың жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері: алдын ала төлем бойынша 8570 теңге, кейінгі төлем бойынша 10 100 теңге;
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері: алдын ала төлем бойынша 11 470 теңге, кейінгі төлем бойынша 13 470 теңге;
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері, ершікті тартқыштар: алдын ала төлем бойынша 14 290 теңге, кейінгі төлем бойынша 16 830 теңге.

Жеңіл көлік иелері Қызылорда-Арал жолын тегін пайдалана алатынын атап өткен жөн. Жергілікті тұрғындарға ыңғайлы болу үшін айлық және жылдық абонементтер қарастырылған, - делінген хабарламада.

Жол 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап ақылы болады.