Тіл белсендісі Қуат Ахметовтің үстінен қозғалған іс әлі тоқтатылмаған

Сырым Қаржас

Қазір шетелде тұратын тіл белсендісі Қуат Ахметовтің үстінен 2021 жылы қозғалған қылмыстық іс жабылған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Азаттыққа сілтеме жасап.

ашық дереккөзден

“ҰЛТ АРАЗДЫҒЫН ҚОЗДЫРУ” БАБЫ

Іс "Ұлт араздығын қоздыру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Азаттыққа Алматы прокуратурасы мен қалалық полиция департаменті хабарлаған.

Бұған дейін Қуат Ахметовке қатысты "Ұлт араздығын қоздыру" бабы бойынша қозғалған дәл сол іс 2023 жылы 20 қаңтарда "қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына" байланысты тоқтатылғаны белгілі болған. 

Ахметов Қазақстанда жүргенде түрлі мекеме мен сауда орнына барып, қызметкерлердің қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етіп жүретін. Ол елден өзіне қылмыстық іс ашылып, тергеу жүріп жатқан кезде, 2021 жылы тамызда кеткен.

БЕЛСЕНДІ ЖАЙЛЫ

47 жастағы тіл белсендісі Қуат Ахметов қазір Түркияда тұрады. Ол елден өзіне қылмыстық іс ашылып, тергеу жүріп жатқан кезде, 2021 жылы 29 тамызда кеткен. Қуат Ахметовтің видеолары кремльшіл ақпарат құралдары мен Ресей билігінің көзіне түсті. Олар Ахметовтің әрекетін "русофобия әрі фашистік әрекет" деп, "орыстар мен орысша сөйлейтіндерді жек көру көрінісі" деп бағалады. Ресей сыртқы істер министрлігі "Орталық Азия елдерінде орыс тілінде сөйлейтіндер кемсітуге ұшырады, Мәскеу мұндайға жол бермеудің амалын жасайды" деп мәлімдеді. 2021 жылы 12 тамызда Ресей ішкі істер миниминистрлігі Ахметовке ел аумағына кіруіне 50 жылға тыйым салды.