Мамандар Каспий түбінен көрінген жұмбақ кемеге қатысты тексеріс нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕКСЕРІС
Маңғыстау облысының туризм департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті суға батты деген кемеге қатысты жайтты тексерді.
ІЗДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Кеме 43° солтүстік ендікте және 51° шығыс бойлықта, Бор мүйізінен шамамен 1,5 шақырым жерде жатқаны хабарланған болатын. Дереккөздер Google Maps спутник суреттеріне сілтеме жасап, сол аймақта теңіз түбінде кеме жатқанын болжаған еді.
НЕ ТАБЫЛДЫ
Құтқарушылар теңіз түбін зерттеу үшін Y-150 тереңдік сканер пайдаланды. Нәтижесінде теңіз түбінде ешқандай кеме табылмады. Зерттелетін аумақтағы тереңдік 9-10 метр, дейді ТЖД өкілдері.
Зерттеу нәтижесі бойынша, теңіз түбінде кеме жатқаны туралы ақпарат жалған болып шықты.