«Үлкен жетілікке» кіретін мемлекеттердің әлемдік экономикадағы үлесі азайды

Сырым Қаржас

Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша 2025 жылы БРИКС блогының әлемдік экономикадағы үлесі 27,5% жетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: freepik

ХВҚ-ның әлемдік экономиканың болашағы туралы баяндамасында номиналды әлемдік ЖІӨ 2024 жылы 110,1 трлн құрайтынын атап өтеді. 2025 жылы оның 115,5 трлн долларға дейін өсімі болжанады.

Бұл ретте АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия және Канада кіретін G7 елдеріне 2025 жылы әлемдік экономикадағы жиынтық үлестің 44,5% тиесілі болады. 10 жыл бұрын "үлкен жетілік " жартысына жуығы – 49,8% құраған. ХВҚ 2029 жылға қарай G7 үлесі одан да аз болады деп болжайды (42,8%). 

ХВҚ баяндамасына сүйенсек, "үлкен жетілік" жаңа геосаяси блок – БРИКС қысымымен позицияларынан шегінедді. БРИКС 2009 жылы құрылған. 2010 жылдан бастап оған Қытай, Үндістан, Ресей, Бразилия және Оңтүстік Африка кірді. Содан кейін блок әлемдік экономикадағы үлесті 17,9% - ға иеленді, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 24,5% дейін өсті. Жаңа елдер блогына кіргеннен кейін оның үлесі әлемдік экономиканың 27,1% жетті. 2024 жылы БАӘ, Иран, Египет және Эфиопия БРИКСКЕ қосылды, ал кейін Индонезия қосылды, ал қазір блок БРИКС+ деп аталады.