Лос-Анджелестегі орман өртінен 50 келілік үй тасбақасы аман қалып, иелерімен қайта қауышты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
People басылымының хабарлауынша, Лос-Анджелестегі Альтадена қаласында тұратын бір отбасы орман өртінде үйінен айырылып, Рокки есімді 110 фунттық тасбақаны қайтадан көруден үмітін үзген.
Бақытқа орай, жергілікті шериф жануарды өртеніп кеткен үйдің ауласындағы шұңқырдан тауып алып, тасбақаны иелеріне әкеліп берді.
Үй жануарларын көрген ерлі-зайыптылардың жүрегі елжіреп, әйел алғыс ретінде әр полицейді құшақтап шықты.