Қазақстандық ер адам алимент төлемеу үшін ерекше айла ойлап тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
БҚО-да алимент төлеуден жалтарып жүрген ер адам қос азаматтықпен жүргені анықталды. Іздестіру шаралары барысында ер адамның Ресей Федерациясы аумағында жүргенде тегі мен әкесінің атын өзгертіп, Ресей азаматтығы мен төлқұжатын алғаны белгілі болды.
Осылайша, ол құқық қорғау және шекара қызметтерін алдап, Қазақстан Республикасының шекарасын кедергісіз кесіп өткен.
ЖАЗА
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оның қос азаматтығы бар екені дәлелденді. Сот шешімі бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 540 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
57 ФАКТ
2024 жылдың 12 айында облыс полициясы қос азаматтық алудың 57 фактісін анықтады.