Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарифтер нарық талаптарына сай болу керектігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ
«Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерімен біз энергетикалық және коммуналдық саладағы ауыр дағдарысты еңсердік. Енді Үкімет мұндай жағдайға жол бермеуге тиіс, - дейді ол.
Тоқаевтың айтуынша, жылу стансаларындағы апаттар елімізге абырой әпермейді, беделіне нұқсан келтіреді және бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапсыздығы мен біліксіздігін көрсетеді. Аймақтарда коммуналдық шаруашылықтағы басшылық орындарда кәсіби мамандар емес, заңгерлер мен басқа да гуманитарлық сала өкілдері отыр.
- Энергетикалық және коммуналдық нысандардың жұмысын жаңа стандарттарға жедел түрде көшіру керек. Үкімет жаңа тариф саясатын жүзеге асыруды жалғастыруға тиіс. Тарифтер нарық талаптарына сай болмаса, электр энергиясымен, жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес.
ТМД елдерінің бәрінде дерлік электр энергиясының, газдың және мұнай өнімдерінің бағасы Қазақстанға қарағанда қымбат. Бұл экономика балансының бұзылып, шатқаяқтауына әкеп соғады. Ақиқаты осы, оның несін жасырамыз?! Көршілес елдерге контрабандалық жолмен жанар-жағармай тасылатынын жұрттың бәрі көріп отыр. Өз кезегінде бұл қылмыстың етек алуына негіз болады, - дейді ол.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов үкіметте өткен брифингте Қазақстанда электр энергиясына тарифтері "ақылға қонымды шекте" қымбаттайнын мәлім етті.
ТАРИФТЕР ӨСІМІ
Ақылға қонымды шектерде тарифтердің ең төменгі өсімі болады Инвестициялық бағдарлама орындалады, бірақ оған қызмет көрсету мерзімі 20 жылға созылады. Біз барлық есептеуді жасадық. Бұл болжамдар емес, талдауға негізделген тұжырымдар. Өсім аз болады, - деді Қасенов.
ИНФЛЯЦИЯҒА ӘСЕРІ
Вице-министр сонымен қатар тарифтер өсімінің инфляцияға ықтимал әсері туралы түсініктеме берді. Оның айтуынша, есептеулерде бірнеше жүз өнім бар инфляциялық қоржынның құрылымы ескеріледі.
Әр элементтің әсері минималды. Сонымен қатар, бізде төбе бар: егер әсердің белгілі бір шектен асатынын көрсек, онда тарифтердің өсуін шектейміз, – деп атап өтті ол.
ТАРИФТЕР ҚАНШАҒА КӨТЕРІЛЕДІ
Тарифтер нақты қаншаға қымбайтыны жөнінде сұраққа Қасенов бұл бүкіл ел бойынша жүзден астам табиғи монополиялардың әрбір субъектісіне байланысты екенін атап өтті.