QazNews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті қолдау мақсатында жеке пикетке шыққан Алматыдағы белсенділер рұқсатының жоқтығынан ұсталған дейді бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев. Ол бұл мәселе бойынша қалған сұрақтың бәріне әкімдік жауап беретінін атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚОЙГЕЛДИЕВ НЕ ДЕЙДІ
Мәжіліс кулуарларында журналистер бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен "жеке пикетке шығатын барлық белсенділерді ұстай ме, неге қазір мұндай акцияларды өткізуге әкімдік келіспей жатыр" деп сұраған. Қойгелдиев белсенділер жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алмағанын, ал рұқсатсыз пикет өткізу заң бұзу саналатынын айтады.
Олар жеке пикет өткізуге жергілікті атқарушы органдардан рұқсат сұрауға тиіс. Егер рұқсат берілмесе, олардың өткізуге құқығы жоқ, тиісінше-ұсталды, - деді ол.
Қойгелдиев митиңдер мен пикеттерді өткізу мәселелері заңмен реттелетінін және мұндай мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажет екенін айтады.
Әкімдіктер заң шеңберінде әрекет етеді. Онда бәрі айтылғна, бәрі анық жазылған, - деп атап өтті ол.
ТЕМІРЛАН ЕҢСЕБЕК НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті полиция 17 қаңтарда үйіне тінту жүргізгеннен кейін ұстап әкеткен. 18 қаңтарда Еңсебек екі айға қамауға алынды. Оған «ұлтаралық алауыздық қоздырды» деген айып тағып отыр. Полиция қылмыстық істің себебі – ұлтаралық араздықты қоздыру және этностардың бірінің өкілдерін қорлау белгілері бар материалды жариялау болған. «Йоу, орыстар» әнін Еңсебек паблигіндегі бір постқа пайдаланғаны хабарланады.
Еңсебек күдікті деп танылған баптың санкциясында айыппұл, бостандығын шектеу немесе екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған. Еңсебектің адвокаты Жанар Балғабаеваның айтуынша, оның қорғауындағы сатиралық паблик авторына қарсы іс қозғап, тергеу бастауға әлеуметтік желіні бақылайтын полиция қызметкерінің рапорты негіз болған.
Темірлан Еңсебек ұсталғалы оны қолдап, бірнеше адам «Сатира – қылмыс емес» деген жазумен пикетке шыққан. Оның кейбірі 10, кейбірі 15 тәулікке қамаласа, кейбіріне айыппұл салынды. Заңгер Сергей Уткин «жалғыз пикетке шықсаң да әкімдікке алдын ала хабарлама жіберу керек, сондықтан белсенділерді әкімшілік кодекстің 488-бабы бойынша – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін деп ұстап әкетіп жатыр» дейді.
Темірлан Еңсебекті бір емес, бірнеше азамат қолдап, жеке пикетке шыққан. Олардың кейбіріне айыппұл салынса, кейбірі әкімшілік қамауға алынды.