Біреуі комада: Атырауда прокурор мен салық қызметкері төбелесіп қалған

Сымбат Сатыбалдина

Атырауда прокуратура және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мейрамханада төбелесіп қалды. Олардың біреуі комада, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

МӘН-ЖАЙ

28 қаңтарда Атыраудағы мейрамханалардың бірінде прокуратура қызметкері Асқар Жанысбаев, мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков пен оның орынбасары Әліби Бағытжанов төбелесіп қалған. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы жазды. 

Төбелестен кейін Әліби Бағытжанов облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір ол комада. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

- Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, дейді Атырау полиция департаменті өкілдері. 

ПРОКУРАТУРА

Сонымен қатар, бас көлік прокуратурасы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүргізіп жатыр, оның ішінде прокурорлардың да қатысы бар болуы мүмкін.