Дубайдан ұшып келе жатқан Boeing Каспий теңізінің үстінде апат сигналын берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
РИА Новости мәліметінше, Дубай-Мәскеу бағытындағы жолаушылар ұшағы Каспий теңізінің үстімен ұшып бара жатқанда апат сигналын берген. Ұшақ “Победа” әуе компаниясына тиесілі болған.
АСТРАХАНЬ ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Төтенше қызмет өкілдерінің сөзінше, сигнал берген ұшақ Астараханьға сәтті қонған. Зардап шеккендер жоқ.
Артынша лоукостердің баспасөз қызметі ұшақ Астрахань әуежайына жалған сигналдың кесірінен қонғанын хабарлады.
- Дубай-Мәскеу бағыты бойынша DP992 рейсін орындаған ұшақ жүйелердің бірінің сенсорының жалған дабылы салдарынан "Астрахань" әуежайына қонды. Ұшқыштар ұшақты қалыпты режимде қондырды, - деп хабарлады әуе компаниясының өкілдері.
Әуежай өкілдерінің сөзінше, жолаушылар әуежай терминалының ғимаратына орналастырылды.
- 2025 жылдың 29 қаңтарында Дубай-Мәскеу бағытымен жүретін DP992 рейсі техникалық себептерге байланысты жергілікті уақыт бойынша 19.16-да Астрахань әуежайына шұғыл түрде қонды. Жолаушылар аэровокзал кешенінің ғимаратында орналастырылды, олармен федералды авиациялық ережелерге сәйкес авиакомпания өкілдері жұмыс істейді, - деп хабарлады әуежай өкілдері.