Вашингтонда апатқа ұшыраған ұшақта бірнеше спортшы отырған болуы мүмкін

Сымбат Сатыбалдина

Вашингтонда апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде бірнеше спортшы отырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

БАҚ МӘЛІМЕТТЕРІ

БАҚ мәліметтері бойынша, ұшақта бірнеше мәнерлеп сырғанаушы отырған болуы мүмкін. Вичитодан Вашингтонға бағыт алған ұшақ бортында шамамен 60 жолаушы болған. Алдыңғы күні Вичитода АҚШ-тың мәнерлеп сырғанау чемпионаты өткен болатын.

- Элиталық дивизионға өткен мәнерлеп сырғанаушылар тағы бір күнге қалды. Кейін олардың бірнешеуі American Airlines әуе компаниясының 5342 рейсімен ұшқан, – дейді ұлттық құрама мәнерлеп сырғанаушысы Люк Ван. 

РЕСЕЙЛІК СПОРТШЫЛАР

Sports.ru деректері бойынша, спортшылардың арасында 1994 жылғы жұптық мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондары, ресейлік Евгения Шишкова мен Вадим Наумов та отырған болуы мүмкін. Олар мансабын аяқтағаннан кейін АҚШ-қа қоныс аударып, бапкерлікпен айналысқан. Олардың ұлы Максим Наумов АҚШ құрамасы сапында өнер көрсетеді және өткен чемпионатта 4-орын алды.

ТІЗІМ

Telegram-дағы Mash арнасы ұшақ бортында болжам бойынша отырған спортшылардың тізімін жариялады. Олардың мәліметтері бойынша, ұшақта кеңес және ресейлік эмигранттардың балалары болған.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Таңертең Вашингтонда ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, өзенге құлағаны белгілі болды. Қанша адамның зардап шеккені жайлы ақпарат әлі нақтыланып жатыр. 

Колумбия округінің өрт және төтенше жағдайлар департаменті Американың астанасының орталығында ұшақ апаты болғанын хабарлады. Шағын ұшақ Рональд Рейган әуежайының жанындағы Потомак өзеніне құлаған.

АҚШ-тың федералды авиация басқармасы (FAA) жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 09.00-де PSA Airlines-тің CRJ700 жолаушылар ұшағы Sikorsky h-60 тікұшағымен соқтығысқанын хабарлады. Ұшақ American Airlines авиакомпаниясының рейсін орындап, Вашингтонға Вичита қаласына бағыт алған. American Airlines веб-сайтына сәйкес, ұшаққа 65 жолаушыға дейін сыяды.

Әуежай барлық рейстер (ұшатын, қонатын) рейстер тоқтатылғанын хабарлады. "Төтенше жағдайлар қызметкерлері аэродромдағы ұшақ оқиғасына жауап береді", — делінген әуежайдың әлеуметтік желілерінде.