Қазақстан санкцияны айналып өтер елге айналмаса екен дейміз – Еуродақ

Аян Өрібай

Астанада Еуропа одағының санкция бойынша арнаулы өкілі Дэвид О'Салливан журналистер алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтуынша, Қазақстанның екі компаниясы санкцияға ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ulysmedia

ТӨРТІНШІ САПАР

Астанаға дэвид О'Салливан төртінші рет келген. Түске дейін ол Батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларының орындалуы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин және сырты істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесіп үлгерген.

ОЛ НЕ ДЕЙДІ

Менің жауапкершілігімнің негізгі саласы – 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейге қатысты Еуропалық Одақтың санкцияларын орындау. Менің сапарым Қазақстан билігімен диалог аясында өтті. Бұл менің төртінші сапарым. Жалпы, біз осы тақырыпта Қазақстанмен қарым-қатынасымызда байқалатын қарқын мен серпінге ризамыз. Тағы да еске салғым келеді, бұл туралы Қазақстанға әрбір сапарымда айтамын: ЕО ҚР санкцияларға қосылмау ұстанымын толық құрметтейді. Біз Қазақстанның санкцияларды қабылдауын талап етпейміз. Ресейдің Қазақстанмен ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан заңды сауда қатынастарына араласуға және қандай да бір жолмен бүлдірер ниетіміз жоқ, – дейді Еуропа одағының санкция бойынша арнаулы өкілі.

Дэвид О'Салливан алайда бизнестің кейбір жауапсыз өкілдері Қазақстанды санкцияларды айналып өту платформасы ретінде көріп, пайдалана алатыны “өздерін шынымен толғандыратынын” айтады. Осыны пайдаланып, Ресейдің қару-жарағында қолданылатын, ЕО-да өндірілген өнімдерді кейбір компаниялар қайта сатуы мүмкін. Бұл жерде зымырандарды, дрондарды жасайтын бөлшектер жайында айтылып отыр.

Осыған байланысты біз санкцияларды айналып өтуге жол бермейтін Қазақстанға ынтымақтастық үшін ризамыз. 

Яғни, біз санкциялар тізіміне енген тауарлар мен өнімдер туралы айтып отырмыз. Бұл негізінен ЕО немесе АҚШ пен Жапонияда өндірілген өнімдер. Қазақстан үшін экономикалық құндылығы жоқ, бірақ Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдайтын өнімдер мен тауарлар болуы мүмкін. Бұл менің негізгі бағытым. Біз Қазақстан билігімен ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Сол рухта ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз, – дейді ол.

Дэвид О'Салливан Қазақстан ЕО үшін өте маңызды серіктес екенін, ЕО Қазақстан үшін де өте маңызды серіктес болып қалатынын айтады.

Біздің сауда қатынастарымыз жақсы қарқынмен дамып келеді. Жыл сайын 40 млрд еуро біздің тауар айналымымызды құрайды. Біз Қазақстанның ірі сауда әріптесіміз. ЕО шетелдік инвестициялардың ең үлкен көлемін құйды. Жалпы көлемнің 55 миллиардтан астамы туралы айтып отырмыз. Сонымен қатар, бізде кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы қолданыстағы келісім бар. Биылғы жылы бірқатар кездесулерді жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, министрлер кездесуі наурыз айында Ашхабад қаласында өтеді, сәуір айында ЕО-ОА саммитін өткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, көріп отырғаныңыздай, бізді өте қарқынды жыл күтіп тұр, – дейді ол.