Мақпал Жүнісова Ирина Кайратовна тобын сотқа бермек

Ulysmedia

Бұл туралы әнші Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мен сіздердің алдарыңызға бір ауыз сөзбен шыққым келіп отыр. Менікі дұрыс па, әлде олардың ісі дұрыс па? Өздеріңіз сарапқа салыңыздар. «Отыздан асып барамын» деген бір кино шыққан екен. Ол туралы кеше ғана естідім. Маған біреулер сілтемесін жіберді. «Кинода ойнап жүрген кісі сізге ұқсамайды, бірақ сіз деп береді. Мақпал Жүнісова ойнайды дегендей» дейді. Біріншіден мені ешкім киноға шақырған жоқ. Алдымнан ешкім өткен жоқ. Үшіншіден мен әлі тірімін. Ол әнді менің даусымды басқа біреуше айтқызыпты. Ол фонограммамен айтып тұр. Ол да ұятсыз қыз екен. Апам әлі тірі ғой, өзі нағып айтпайды деп, алдымнан өтпей пе? Сондықтан соттасып жүруге уақытым жоқ», - деп жазды әнші инстаграм парақшасында.

Мақпал Жүнсіова кинода ойнаған өзі емес екенін мәлім етті.

«Семейден маған хабарласып, жігіттер айтып жатыр. Көзіне киіп алған әшкиі несі, бояуы несі деп маған айтады. Домбыраны жерге сүйреп жүр дейді. Мен ылғи домбыраны жоғары ұстаймын. Не де болса, мен бұл менің жауларым деп ойлаймын. Мені осылай жаман қылып көрсеткісі келген ғой. Бір Аллаға тапсырдым. Кім түсірсе де бұл дұрыс емес. Мен әлі жер бетінде бармын. Құрметті ағайын, ол жерде ойнап тұрған мен емес. Мен олай боянбаймын», - деді ол.

Видеосының «менің оларға қояр талабым, кинодағы мені сомдаған жерін алып тастасын, алмаса сотта кездесеміз» деді ол.