Сирияның жаңа билігі Ресейге шарт қойды

Сымбат Сатыбалдина

Сирияның жаңа билігі Башар Асад биліктен тайғаннан кейін Ресейдің ресми делегациясымен өткен алғашқы келіссөздерде “өтемақы” мен “кеткен қателіктерді түзету” мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

AP Photo

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы Сирия БАҚ-тары мен халықаралық агенттіктер Дамаскідегі келіссөздердің қорытындысы бойынша жарияланған үкіметтік мәлімдемеге сүйеніп хабарлады.

- Диалог барысында Ресейдің өтемақы, қайта құру және қалпына келтіру сияқты нақты шаралар арқылы Сирия халқы арасындағы сенімді қалпына келтірудегі рөлі ерекше атап өтілді. Жаңа үкімет сондай-ақ қарым-қатынастарды қалпына келтіруде бұрынғы қателіктерге назар аудару қажет екенін атап өтті, – делінген құжатта.

Сондай-ақ, Ресей қолдайтын Асад режимінің құрбандары үшін «әділдік» қажет екені айтылды.

УАҚЫТША ПРЕЗИДЕНТ

Еске салайық, бұған дейін Сирияның қазіргі көшбасшысы әрі "Хайят Тахрир аш-Шам" (ХТШ) тобының басшысы Ахмет әл-Шара ресми түрде өтпелі кезеңде ел президенті болып тағайындалған еді. 

ӘЛ-ШАРА БИЛІКТЕ

Сириядағы билікті басып алған "Хайят Тахрир аш-Шам" (ХТШ) исламистік тобының жетекшісі әрі уақытша үкіметтің басшысы Ахмет әл-Шара, сондай-ақ Мұхаммед әл-Джулани осы елдің президенті деп жарияланды.

Ол мемлекетті "өтпелі кезең үкіметі" кезінде басқарады, деп хабарлайды "Әл-Арабия" телеарнасы және басқа да Таяу Шығыс БАҚ.

Әл-Шара Сирияның атынан шетелде сөз сөйлейді.
Сирия президенті міндетін атқарып, халықаралық форумдарға шығады. Ахмед әл-Шара өтпелі кезеңде ел президенті қызметіне кірісетіні туралы хабарлаймыз, - деген Сирияның әскери операциялар басқармасының хабарламасын ТАСС-қа келтіреді.

Әл-Шараның айтуынша, "өтпелі кезеңнен" кейін сайлау өткізіліп, Сирияның тұрақты үкіметі құрылады. "Өтпелі кезеңнің" қанша уақытқа созылатыны белгісіз.