Kaspi-аударымдарды бақылау: маңызды ақпарат айтылды

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстандағы ақша аударымына қатысты маңызды ақпарат айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда 2022 жылдан бері ақша аударымы тексеріліп жатыр. Бұл кәсіпкерлердің клиенттерден ақшаны жеке шотына жіберуді тоқтату үшін жасалған шара. Себебі ақшаны бизнес шотқа емес, жеке шотына жіберсе салықтан жалтаруға болады. 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Енді ақша аударымына лимит қойылуы мүмкін. Сіздің шотыңызға 3 айдағы аударымдардың жалпы сомасы 1,02 миллион теңгеден асуы тиіс. Ақша аударымы бұл сомадан асқан жағдайда ғана деректер салық қызметкерлеріне жіберіледі. 

БҰЙРЫҚ

"Қаржы министрінің тиісті бұйрығы қазіргі уақытта Ұлттық банктің қарауында", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері.

БҰРЫН

Бұған дейін тек қатарынан 3 ай бойы 100-ден астам адамнан аударым қабылдаған жеке тұлғалар бақылауға алынатын. 

Мұндай жағдайда, аударым қабылдаған жеке тұлғаның ЖСН-і Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіледі, ал тұлғаның өзіне камералдық бақылау жүргізу туралы хабарлама жолданады. Ол не себепті осыншама аударым алғанын түсіндіруі керек. Бұл талапты орындауға 30 жұмыс күні беріледі. Егер адам бұл хабарламаға жауап бермесе, оның шығыс операциялары уақытша тоқтатылады.

Президенттің тапсырмасымен жалпыға бірдей декларациялаудан босатылған жеке тұлғаларды Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға қатысты заң бұзушылықтар үшін тек 2026 жылдан бастап тексере бастайды.