Қазақстан АЭС салуға дайын төрт компаниямен диалогты аяқтады

Сырым Қаржас

Ақпаратты Қазақстанның энергетика министрлігі таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Энергетика министрлігі Қазақстан атом электр станцияларын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтаған. "Росатом" мемлекеттік корпорациясы  KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция)  компанияларымен қатар Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енген.

2025 жылы 21 қаңтарда Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздер сериясының соңғы кезеңі болды. Бұған дейін, 2024 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін Корея Республикасына, Франция Республикасына және Қытай Халық Республикасына осындай сапарлар болған. Жобаны жүзеге асыру үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау туралы соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Ол 2025 жылы Қазақстанның ұлттық мүдделерін, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді ескере отырып қабылданады, – деп ақпарат таратты министрлік.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЭС

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Жобалық кеңсенің қызметімен танысу барысында атом энергетикасын дамыту перспективасына да тоқталып, Қазақстандағы АЭС саны үшеу болуы да мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Ал «Атом улаған дала» кітабының авторы, саясаттану ғылымдарының докторы, ядролық қауіпсіздік жөніндегі маман, Олбани университетінің (SUNY-Albany) Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенова Қазақстанның АЭС салуда «Росатомды» серіктес ретінде таңдаса – қазіргі уақыт ең қолайсыз кезең деп есептейді. Бұл пікірді ол Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында айтты.