Вашингтондағы ұшақ апаты: қара жәшік өзеннен табылды

Сымбат Сатыбалдина

Вашингтонда апатқа ұшыраған American Airlines компаниясына тиесілі ұшақтың қара жәшіктері өзеннен табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Getty Images

ҚАРА ЖӘШІК

Тергеушілер ұшақ қирандыларының арасынан ұшқыштар кабинасында не туралы сөйлескенін жазып отыратын құралды және бортында 64 адам болған лайнердің ұшу деректерін жазғышты тапты.

Қара жәшіктер апатты тергеумен айналысатын ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің зертханасына жеткізілді. DW мәліметінше, зертханадағылар бір айдан кейін алдын-ала қорытындыларды жариялауға уәде берген. 

АПАТТАН ЕШКІМ ТІРІ ҚАЛМАДЫ

Бұл туралы Трамп Ақ үйде хабарлады. 

- Өкінішке қарай, ешкім тірі қалған жоқ, деді Трамп.   

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

30 қаңтарда Вашингтонда ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, өзенге құлады

Колумбия округінің өрт және төтенше жағдайлар департаменті Американың астанасының орталығында ұшақ апаты болғанын хабарлады. Шағын ұшақ Рональд Рейган әуежайының жанындағы Потомак өзеніне құлаған. АҚШ-тың федералды авиация басқармасы (FAA) жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 09.00-де PSA Airlines-тің CRJ700 жолаушылар ұшағы Sikorsky h-60 тікұшағымен соқтығысқанын хабарлады. Ұшақ American Airlines авиакомпаниясының рейсін орындап, Вашингтонға Вичита қаласына бағыт алған. American Airlines веб-сайтына сәйкес, ұшаққа 65 жолаушыға дейін сыяды.