30 қаңтарға қараған түні Өскеменде жер үйде өрт шықты. Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін жертөледе 76 жастағы үй иесінің, оның 69 жастағы әйелі мен олардың 51 жастағы туысының жартылай өртенген денесі табылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әуелі бұл ақпаратты "Криминальный Казахстан" басылымы таратты.
Хабарламада өлгендердің басынан балтамен жасалған соққы іздері анықталған. Полиция қызметкерлері қайғылы оқиға мас күйінде жанжал кезінде болғанын анықтады. 27 жастағы күдікті із суытпай ұсталды. Ол кісілерді өлтіргеннен кейін ол мәйіттерді жертөлеге тастап, үйді өртеп, қылмыс іздерін жасыруға тырысған. Күдікті құрбандардың туысы екені де белгілі, - делінген хабарламада.
ШҚО ПОЛИЦИЯСЫ НЕ ДЕЙДІ
Ulysmedia.kz порталы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне хабарласқанда осы фактіні ведомство растады. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті қамауға алынған. “Полиция қылмыстың барлық мән-жайлары мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында” делінген жауапта.